Ауғанстанда есірткіге тәуелділер көбейді
© Сурет: pixabay
Әлемде есірткіге қатысты ахуал әсіресе Иранда ушығып тұр. Мұнда халықтың 15%-і нашақор ретінде есепте тұрады.
Ал АҚШ-та синтектикалық есірткіден уланып көз жұмғандар саны артып келеді екен. Сондықтан Дональд Трамп есірткімен күресті шындап қолға алды. Ол улы препараттардың таралуын тоқтату үшін 1 трлн доллар бөлмек, деп жазады 24.kz.
Әлем елдерінде есірткімен күрес қалай жүріп жатыр.
Қытайлық ғалымдар есірткімен күресте тың жаңалық ашты
Қытай ғалымдары есірткімен күресте тың жаңалық ашты. Алдымен олар есірткінің адам бойында қалай ыдырайтынын зерттеген. Ол үшін кәріз жүйесінен су сынамаларын алады. Кейін жасанды интеллектіні қолданып, барлық ақпарға талдау жасайды. Сөйтіп, есірткі жасаудың сан жетпес, нақтырақ, квадриллион түрін анықтайды.
Қылмыстық топтар жымысқы әрекеттерін іске асыру үшін оның химиялық құрамын үнемі өзгертіп тұрады.
"Ал тың технология жаңа есірткі түрлерінің таралуына тосқауыл бола алады", – дейді мамандар.
Қазір әлемде фенталиннің 100-ден астам түрі қолжетімді. Ол бастапқыда ауыр дене жарақаты мен рак секілді ауруларды басу үшін шығарылатын.
Препарат героин мен морфиден жүздеген есе күшті. Сондықтан қытайлық ғалымдар дәл осы фенталиннің құрамын зерттеуге басымдық беріп отыр.
Ауғанстанда есірткіге тәуелділер көбейген
Ал Ауғанстан есірткіге тәуелділікті азайта ала ма? Билік бұл бағытта кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Соңғы үш жылда елде 100 мыңнан аса адам медициналық көмекке жүгініп, ем қабылдаған.
Олардың 95%-нің есірткіге ынтасы тыйылған екен. Десе де есірткіге еліткендер қарасы әлі де көп. Мұнда халықтың 4 млн-ы нашақор ретінде есепте тұр. Сондай-ақ билік көкнәр егіп-өсіруді, опиум шығаруды азайтты. Бұл ел экономикасына соққы болып тиді. Мәселен, екі жыл бұрын Ауғанстан опиум сатып, 1 млрд доллар табыс тапса, былтыр тек 110 млн доллармен шектелген.
Дональд Трамп есірткі сатқандарды өлім жазасына кесуді ұсынды
Есірткі сататындарды өлім жазасына кесу қажет. Сол кезде ғана есірткінің таралуын тоқтата аламыз. Дональд Трамп штат губернаторларына осындай ұсыныс жасады. Керек десеңіз, Ақ үй қожайыны өлім жазасына кесуге қатысты мораторийдің күшін де жойған. АҚШ-та фенталин препаратына тәуілділіктен жыл сайын 100 мың аса адамның өмірі қиылады екен. Сондықтан Америка басшысы есірткімен күресте қатаң жаза аса қажет деп санайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 19 наурыз 2025
Елімізде құмар ойынға тәуелділігіне байланысты қанша әскери қызметкер жұмыстан босатылған
-
22:20, 19 наурыз 2025
Майамидегі беделді турнирде Бублик сәтті өнер көрсетіп, екінші айналымға өтті
-
22:02, 19 наурыз 2025
«Қатты жауын-шашын, қызыл су». Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:29, 19 наурыз 2025
Фристайл-могулдан ӘЧ-2025: Қазақстан үздік ондық қатарынан көрінді
-
21:23, 19 наурыз 2025
Қазақстан мен EDF атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Танымал жаңалықтар
-
11:50, 19 наурыз 2025
-
14:41, 19 наурыз 2025
-
15:23, 19 наурыз 2025
-
10:23, 19 наурыз 2025
-
12:25, 19 наурыз 2025
-
12:41, 19 наурыз 2025
-
10:10, 19 наурыз 2025
-
12:04, 19 наурыз 2025
-
09:47, 19 наурыз 2025
-
11:39, 19 наурыз 2025
-
10:54, 19 наурыз 2025
-
11:13, 19 наурыз 2025
-
14:46, 19 наурыз 2025
-
11:29, 19 наурыз 2025
-
09:14, 19 наурыз 2025