Атырауда жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

11:16, 27 шілде 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2024 жылы 27 шілдеде Атырау қаласының Қара депо ықшам ауданында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 20 минут ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда", - дейді төтеншеліктер.

Құзырлы ведомство көлік өртенген жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.

Айта кетсек, 26 шілдеде Үкімет басшысы Олжас Бектенов "Семей орманындағы" өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!