Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы маңызды ақпаратпен бөлісті
© Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы "Атырау – Индер" трассасының Атырау қаласына кіреберіс тұсы жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шұғыл ақпаратты штаб өзінің Telegram арнасына бүгін, 24 мамырда жүктеді.
"Өр суының қарқыны күшеюіне байланысты, қалаға кіреберіс тұста "Атырау – Индер" трассасында көліктің барлық түрі үшін, қатынас тоқтатылды.Орал қаласы, Индер, Махамбет аудандарынан Атырау қаласына қатынау үшін, Махамбет - Хамит Ерғалиев ауылы (Исатай ауданы) арқылы – "Атырау – Астрахань" трассасы балама қатынас жолы арқылы байланыс бар",- делінген хабарламада.
Сонымен қатар, "Атырау - Орал" трассасының 71 шақырымы және Сарайшық ауылының тұсы көлік қатынас үшін жабық екенін атап өтті.
Бүгін, 24 мамырда судың көптігі мен қатты желдің салдарынан Атырау маңындағы Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





