Атырау облысында Жайық өзеніндегі су шекті деңгейден арта түсуде

09:45, 19 мамыр 2024

© Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

19 мамырда Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейіне қатысты тың мәлімет жариялады. Бес гидробекеттің төртеуінде су деңгейі арту түсуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жайық өзеніндегі су деңгейінің 2024 жыл, 19 мамыр, сағат 08.00-дегі өзгерісі (18 мамыр, сағат 08-00-дегі көрсеткіштермен салыстырмалы түрде алғанда):

  • Индербор ауылы: - 6 см, су деңгейі - 1021 см, шекті деңгейі - 845 см;
  • Махамбет ауылы: + 3 см, су деңгейі - 1011 см, шекті деңгейі - 850 см;
  • Атырау қаласы: + 4 см, су деңгейі- 570 см, шекті деңгейі - 550 см;
  • Жаңаталап ауылы: + 2 см, су деңгейі - 412 см, шекті деңгейі - 500 см;
  • Еркінқала ауылы: + 2 см су деңгейі - 370 см, шекті деңгейі - 450 см.

19 мамары, сағат 08-00-де Атырау облысындағы тас жолдың бірнеше жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!