Атырау облысында қорғаныс бөгеті қалпына келтіріліп, тұрғындар эвакуацияланды

09:49, 23 мамыр 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

23 мамырға қараған түні Махамбет ауданы Жалғансай ауылында қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының мәліметінше, қорғаныс бөгетін қалпына келтіру жұмыстарына ТЖД құтқарушылары, жергілікті тұрғындар, еріктілер, әскери қызметкерлер және 35 техника жұмылдырылған.

Оқиға орнында Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов те төбе көрсетті .

Атырау облысында қорғаныс бөгеті қалпына келтіріліп, тұрғындар эвакуацияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 09:49

Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Жалғансай ауылының тұрғындарын эвакуациялау қарқынды жүріп жатыр. Шұғыл түрде Д. Төленова орта мектебінің эвакопунктінде 02:30 жағдай бойынша 99 адам, оның ішінде 63 бала орналасты. Сағат 04:00-дегі жағдай бойынша алдын ала эвакуацияланғандардың саны айтарлықтай өсті. Осы сағатта барлығы 154 адам орналастырылды, оның 96-сы балалар.

Бұл мектептен басқа эвакуация орындары да анықталған:

  • Е. Ағелеуова атындағы орта мектеп. ;
  • "Нұршуақ" балабақшасы;
  • "Алтынай" балабақшасы.

Жергілікті тұрғындар мен мамандардың бірлігі, сондай-ақ олардың үйлесімді іс-қимылдары нәтижесінде Жалғансай ауылындағы бүлінген бөгет сағат 03:00-де қалпына келтірілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!