Атырау облысында Бақсай көпірі арқылы өтетін уақытша айналма жол қолданысқа берілді
© Сурет: видеодан алынды
28 мамырда Бақсай көпірі арқылы өтетін уақытша айналма жол қолданысқа берілді. Тасқын судың ағысын кедергісіз өткізу үшін көпірдің астына алты металл құбыры төселді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, "Лянкаран Иншаат" мердігерлік ұйымы мен "Ақжол құрылыс" ЖШС бірлескен жұмыстары нәтижесінде автокөліктің барлық түрлері үшін Бақсай көпірі бойында қозғалыс уақытша ашылды.
"28 мамырда кешкі сағат 20.30-да уақытша айналма жол қалпына келтірілді. Суды кедергісіз өткізу үшін, диаметрі 1000 мм болатын 6 металл құбыр төселді", - деді "Қазавтожол "ҰК" АҚ директоры Мұрат Мықтыбаев.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 26 мамырда таңғы сағат 4.20-да Бақсай каналындағы су деңгейінің көтерілуіне, сондай-ақ, Бақсай көпірі арқылы 646 км уақытша айналма жолда судың жайылу қаупіне байланысты, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жүк көлігі үшін қозғалысты уақытша жабу туралы шешім қабылдаған болатын
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:56, 26 қаңтар 2025
Қарағандыда өрт кезінде күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілді
-
17:44, 25 қаңтар 2025
«Тұман, боран, көктайғақ». Синоптиктер Алматы мен еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады
-
17:23, 25 қаңтар 2025
Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті
-
17:12, 25 қаңтар 2025
Жетісу облысында тауға аттанып, жоғалып кеткен үш адамды іздеу үшін тікұшақ көкке көтерілді
-
16:28, 25 қаңтар 2025
«Алматы Аренадағы» өртті сөндіру кезінде төрт бала құтқарылды