Атом электр станцияларына қатысты референдумда қазақстандықтардың жартысынан астамы дауыс берді

14:07, 6 қазан 2024

© Сурет: Референдум бойынша Орталық сайлау комиссиясы

Қазақстанда 6,3 миллионнан астам қазақстандық немесе 51,77 пайызы атом электр стансасын салуға қатысты референдумға дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафинаның хабарлауынша, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77 пайызы сайлау бюллетендерін алды.

"Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республика бойынша 6 339 425 азамат бюллетень алды", — деді Сәбила Мұстафина 6 қазанда ОСК-да өткен брифингте.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 52,99 %

2. Ақмола облысы бойынша – 54,91%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 52,85 %

4. Алматы облысы бойынша – 59,32 %

5. Атырау облысы бойынша – 52,91 %

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,52 %

7. Жамбыл облысы бойынша – 48,80 %

8. Жетісу облысы бойынша – 55,42 %

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,92 %

10. Қостанай облысы бойынша – 61,54 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 54,13 %

12. Маңғыстау облысы бойынша – 46,19 %

13. Павлодар облысы бойынша – 49,18%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,00%

15. Түркістан облысы бойынша – 67,38 %

16. Ұлытау облысы бойынша -59,65 %

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,73 %

18. Астана қаласы бойынша – 45,19%

19. Алматы қаласы бойынша – 16,91 %

20. Шымкент қаласы бойынша – 64,38 %

"Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31 – бабы 2 – тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады.

Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те берілетін болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!