Ақын Қасымхан Бегманов референдумға қатысып, таңдауын жасады

16:13, 6 қазан 2024

© Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстандық ақын, этнограф, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.

Ақын өз таңдауын жасау үшін Алматының Наурызбай ауданындағы №26 емханада орналасқан №510-шы сайлау учаскесіне келді.

"Бүгін еліміз үшін айтулы күн. Мен өз елімнің азаматы ретінде келіп, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын азаматтар қатарында дауыс бердім. Бұл еліміздің және ұрпағымыздың болашағы үшін үлкен шешуші сәт. Мен әркім салмақты шешім қабылдайтынына сенемін. Әрбір дауыс маңызды және болашаққа әсер етуі мүмкін", — деді Қасымхан Бегманов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС құрылыс салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде.

Алматылықтар тұрғылықты мекенжайлары бойынша дауыс беру учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз таңдауларын жасай алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!