Алматыдағы референдумға кімдер қатысып жатыр

15:47, 6 қазан 2024

© Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда таңнан бастап қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр. Олардың қатарында танымал мәдениет қайраткерлері, ғалымдар және артисттер бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кино және театр актрисасы, тележүргізуші Қарагөз Сүлейменова да референдумға қатысты. Актриса №77 орта мектепте орналасқан №414 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қарагөз Сүлейменова еліміз үшін маңызды шешімдер қабылдау кезінде азаматтардың бір кісідей қатысуы маңызды екенін атап өтті.

"Әрқайсымыз осындай маңызды іс-шараларға қатысуымыз керек, өйткені ол балаларымыздың болашағына әсер етеді. Референдум әр азаматқа пікірін білдіруге және таңдау жасауға мүмкіндік береді", — деді Қарагөз Сүлейменова.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты референдум өтіп жатыр. Алматыда барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар сағат 20:00-ге дейін ашық.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!