Түркістан облысында тыйым салынған тормен 50 келі балық аулаған тұрғын ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында 30 метрлік екі қытай торымен 50 келіге жуық балық аулаған тұрғын ұсталды.
Түркістан облысының Шардара ауданында заңсыз балық аулау дерегі анықталды. Рейд барысында тыйым салынған құралдарды пайдаланған тұрғын полицейлердің назарына ілікті.
Шардара ауданында полиция қызметкерлері мен балық инспекциясы өкілдері бірлескен рейд жүргізіп, заңсыз балық аулау фактісін тіркеді. Көксу ауылына қарасты "Шошқа көл" аумағында жергілікті тұрғын тиісті рұқсат құжаттарынсыз балық аулап, тыйым салынған қытай торларын пайдаланған.
Оқиға орнынан үрлемелі қайық, ұзындығы 30 метр болатын екі қытай торы және 50 келіге жуық түрлі балық тәркіленді. Аталған факті бойынша балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін тұрғынға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар соттың қарауына жолданды.
Полиция табиғи ресурстарды қорғау және заңсыз балық аулау фактілерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Құқық қорғау органдары азаматтарды табиғат байлығына ұқыпты қарауға және заң талаптарын сақтауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:50, 27 қараша 2026
Елордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды
-
16:42, 27 қараша 2026
Ким Чен Ын Лариса Долинаның концертіне қатысып, сахнаға көтерілді
-
16:33, 27 қараша 2026
Жамбыл облысында прокурорлар қайталама қылмыстың алдын алу бойынша форум өткізді
-
16:26, 27 қараша 2026
Путин Майамидегі G20 саммитіне бара ма? Трамп не деді
-
16:12, 27 қараша 2026
2027 жылғы Жаңа жылда қандай сыйлықтарды беруге болмайды





