Астанада 13 жастағы жасөспірім ата-анасымен ренжісіп, мешітте түнеп шыққан
© Сурет: polisia.kz
9 мамыр күні полицияға кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы арыз түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ата-анасының айтуынша, жасөспірім бір күн бұрын қосымша сабаққа кетіп, үйіне оралмаған. Кейін анықталғандай, ол ата-анасымен болған түсініспеушіліктерге байланысты өз еркімен үйден кетіп қалған.
Іздестіру жұмыстарына полиция департаментінің барлық жеке құрамы мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды, сондай-ақ еріктілер де қосылды.
Полицейлер білім беру және медициналық мекемелерді тексеріп, аулалар мен кіреберістерді, маңайдағы аумақтарды қарап шықты. Жасөспірімнің жүруі мүмкін бағыттар бойынша бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді.
Іздестіру барысында кәмелетке толмаған баланың автобуспен соңғы аялдамаға дейін барып, кейін тасжол бойымен жаяу жүргені анықталды.
Жасөспірім Ақжар ауылындағы мешітте түнеп шыққан. Полицейлер жергілікті тұрғындар мен жол бойындағы жүргізушілерден жауап алып, оның әрі қарай жүрген бағытын анықтады.
Нәтижесінде полицейлер жасөспірімді қала сыртындағы тасжол бойынан тауып, аман-есен ата-анасына тапсырды.
Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:19, 11 маусым 2026
БҚО делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
-
14:07, 11 маусым 2026
Рақымшылық зорлықшыларға қолданылмайды – Сенат заңды мақұлдады
-
13:53, 11 маусым 2026
Талдықорғанда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған сәбидің ата-анасы табылмай жатыр - бүлдіршін ауыр хәлде
-
13:38, 11 маусым 2026
Қазақстанда киік етіне сұраныс жоқ – Ауыл шаруашылығы министрлігі
-
13:31, 11 маусым 2026
Сенат заңды қолдады – рақымшылық жемқорларға қолданылмайды





