Астанада зергерлік дүкенде жасалған ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалды
© Сурет: polisia.kz
Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде орын алған ұрлық бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Дүкен қызметкерлері белгісіз әйелдің алтын бұйымдарды қолды қылғанын кеш байқаған. Сатушы ұрлық фактісін тек бірнеше сағат өткен соң анықтағаннан кейін, Байқоңыр ауданының полиция бөліміне жүгінген.
Криминалдық полиция қызметкерлері шұғыл іздестіру шаралары барысында екі алтын сақинаны еркін қол жеткізу арқылы ұрлап кеткен күдіктіні анықтады. Тергеу нәтижесінде әйелдің осындай қылмыстарды қайталап жасағаны белгілі болды. Қылмыскер сол күні зергерлік дүкенге кіріп, сатушының басқа клиенттерге назар аударған сәтін пайдаланып, сөреден екі алтын сақинаны жымқырып, ізін суытқан.
Бұл ұрлық дүкендегі бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы әшкереленді. Егде жастағы әйел өз кінәсін толық мойындап, ұрланған бұйымдар тәркіленді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті