Астанада үй иесінің алтын бұйымдарын қолды қылған күдікті қолға түсті
© Фото: Zakon.kz
Белгілі болғандай, жас жігіт елорда тұрғынының үйіне екі рет қонаққа келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқы келуінде ешкім назар аудармаған сәтті пайдаланып, ол байқатпай жатын бөлмеге кіріп, сөреден алтын сақинаны ұрлап кеткен.
Үй иелері ұрланған затты байқамағанына көз жеткізген ол, келесі келгенде тағы бір сақинаны ұрлаған.
Жалпы құны шамамен 300 мың теңге тұратын алтын бұйымдардың жоғалғанын байқаған үй иесі, полицияға жүгінген.
Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы жігітті анықтады.
Белгілі болғандай, ол ақша иемдену мақсатында ұрланған сақиналарды ломбардқа өткізген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер заттай дәлелдемелерді тәркіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:09, 20 қыркүйек 2024
Қарағанды облысында бір күнде 3 тонна қоқыс шығарылды
-
14:55, 20 қыркүйек 2024
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
-
14:49, 20 қыркүйек 2024
Энергия қажеттілігін жабу және ауылда білім беруді дамыту: Бектенов Ақтөбе облысының ауылында болды
-
14:37, 20 қыркүйек 2024
Қазақстанда көші-қонды бақылауды күшейту жоспарлануда
-
14:23, 20 қыркүйек 2024
Ақмола облысында полиция браконьерлерден 600 келіден астам балық тәркіледі