Алматыда Instagram-ға жүктеген видеосында балағат сөздер айтқан ер адам қамауға алынды

19:32, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568495

© Фото: zakon.kz

Алматыда өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеген видеода балағат сөздер айтқан ер адам бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында

ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта Instagram парақшасында азамат Ж.-ның бейәдеп сөздер айтқан бейнежазбасы жарияланғаны анықталды.

Соттың мәліметінше, осылайша, ол өз аудиториясына құрметсіздік танытқан.

Оны заң баптары бойынша 26 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не 20-дан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы күтіп тұрды. Дегенмен сот азамат Ж-ны Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі әкімшілік жаза қолданды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!