Қостанайда кәсіпкер қызметіне жүгінген әйел ақшасыз әрі жиһазсыз қала жаздады
© Сурет: unsplash
Қостанай тұрғыны жергілікті жеке кәсіпкер қызметіне жүгінемін деп ақшасыз әрі жиһазсыз қала жаздады. Ортада туындаған дауды сот арқылы шешуге тура келді. Тараптар бейбіт келісімге келе алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қостанай қалалық сотының хабарлауынша, әйел адам кәсіпкерге корпустық жиһаз дайындауға тапсырыс берген. туралы шарт жасасқан. Шарт талаптарына сәйкес тапсырыстың құны 955 000 теңгені, ал бұйымды дайындау мерзімі 25 күнді құраған. Шарт талаптарын орындау мақсатында талап қоюшы 684 000 теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған.
"Алайда белгіленген мерзімде жауапкер бұйымды дайындау және тапсыру жөніндегі міндеттемелерін орындамаған. Талап қоюшы жауапкерге шарттық міндеттемелерді орындау немесе ақшалай қаражатты қайтару туралы бірнеше рет жүгінген. Кейін жауапкер 400 000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражатты ішінара қайтарған. Қалған берешек сомасы 284 000 теңгені құраған", делінген сот хабарламасында.
Шарттық міндеттемелердің тиісінше орындалмауына байланысты талап қоюшы сотқа жүгініп, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын және моральдық зиянды өтеуді өндіріп алуды талап еткен.
Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Сот бекіткен келісімге сәйкес, талап қоюшы жауапкердің қол жеткізілген уағдаластықтарды орындауы шартымен мәлімделген талаптарынан бас тартқан. Жауапкер талап қоюшыға берешек сомасы мен өкілдің шығындарын қоса алғанда, 434 мың теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттенді.
Міндеттемелер уақтылы орындалмаған жағдайда, келісімде берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу, сондай-ақ 42 мың теңгеден астам тұрақсыздық айыбын және 150 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу мүмкіндігі көзделген. Бұл жағдайда міндеттемелердің жалпы сомасы 627 мың теңгеден асады.
Сот келісімнің талаптарын тексеріп, оның заңнама талаптарына қайшы келмейтініне және тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынына қорытынды жасады. Медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім сотпен бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Бұған дейін Астанада ер адам бұрын бірге тұрған әйелді өртеп жібермек болып, қоқан-лоқы көрсеткені үшін сотталғаны хабарланған болатын. Қоғамдық жұмыстарға жегілген оған жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды,
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:58, 23 қыркүйек 2026
«Тозақтың» ортасында өсіп жатқан қос сәби: Таразда жауапсыз ана жазаланды
-
19:49, 23 қыркүйек 2026
Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
-
19:32, 23 қыркүйек 2026
Алматыда Instagram-ға жүктеген видеосында балағат сөздер айтқан ер адам қамауға алынды
-
18:43, 23 қыркүйек 2026
«Қатты жел тұрады». Еліміз бойынша 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
-
18:24, 23 қыркүйек 2026
Депутат «СК-Фармацияның» 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті





