Астанада таңертең басталған ойыншықтар қоймасындағы өрт сөндірілді

19:20, 18 наурыз 2024

© Сурет: pixabay

Астана қаласы ТЖД өрт сөндірушілері Байқоңыр ауданында ойыншықтар мен жаялықтарды сақтауға арналған бір қабатты қоймадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоймадағы өрт 18 наурызда таңертең басталған. Алдын ала келтірілген мәлімет бойынша, қызыл жалын жалмаған аудан 1000 шаршы метрді қамтиды. Өртті тек сағат 18:23-те сөндіру мүмкін болды.


Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД құрамының 70 адамы және 15 техникасы жұмылдырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!