Астанада Момышұлы даңғылы жабылады

17:43, 26 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

27-29 шілде аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Р. Қошқарбаев даңғылына дейінгі, сондай-ақ Б. Момышұлы даңғылындағы жол учаскелері толығымен жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы аталған учаскелерде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ осы жұмыстар шеңберінде 28 шілдеде (бір күнге) Тәуелсіздік даңғылы мен Б.Момышұлы даңғылының қиылысын жабу жоспарланып отыр.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алу сұралады.

Алматыда Әуезов ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Алтынсарин даңғылындағы учаскелердің бірінде жол ішінара жабылатыны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!