Астанада Қорғалжың тас жолының бір бөлігі уақытша жабылды

11:57, 14 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Астанада Қорғалжын тасжолының Тұран даңғылына жақындаған тұсындағы жол учаскесі екі күнге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы оң жағындағы жол төсемінде жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.

"Осыған байланысты 14-15 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады", делінген басқарма хабарламасында.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы мына схемаға сәйкес ұйымдастырылады.

Қорғалжың тас жолы, Астана, жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 11:57

Сурет: Астана қаласы әкімдігі


"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз" деп ескертіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!