Астанада еліміздің ең жас дизайнерінің сән көрсетілімі өтті

12:55, 16 шілде 2017

«Ayana style» брендімен танылған еліміздің ең жас дизайнері Аяна Мұратова Миланда өткен сән конкурсында бас жүлдеге ие болды.

- Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған EXPO Fashion fest сән фестивалінде еліміздің ең жас дизайнері Аяна Мұратованың соңғы киім үлгілерінің көрсетілімі өтті. Бүгінгі шараға дизайнердің өзі қатыса алмады. Себебі ол қазір Миланда өтіп жатқан сән фестиваліне қатысып, бас жүлдеге ие болды, – деді Fashion фестивальдің ұйымдастырушысы Əйгерім Сүйіндікова.

Ашық аспан астында өткен көрсетілімде дизайнердің жаңа топтамасының үлгілері таныстырылды. Дизайнердің киім үлгілерін Астана тұрғындары мен қонақтарына көрсеткен кішкентай сәнгерлер Ақтөбеден арнайы келген.

Айта кетейік, Аяна Мұратова – кішкентай қыз балаларға арналған киімдер шығарумен айналысатын «Ayana style» брендінің негізін қалаушы. Ол 8 жасында «Қазақстанның ең жас балалар дизайнері» атанған болатын.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!