Астанада әдепсіз қылық танытқан шетелдік азамат елден шығарылатын болды

19:56, 26 шілде 2024

© Сурет: Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық орында әдепсіз мінез-құлық көрсеткен және шетелдiктiң ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған шетел азаматына қатысты екі істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істің мән-жайы бойынша шетелдік азамат қоғамдық орында болған кезінде бұрын таныс емес әйелге қатысты әдепсіз мінез-құлық көрсеткен. Сонымен қатар, құқық бұзушы құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс істеген.

"Құқық бұзушы өз әрекеттерімен қоғамға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Жасалған құқық бұзушылықтардың мән-жайлары іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалармен, полиция қызметкерінің баянатымен және бейнежазбалармен расталды", делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысымен шетелдік азамат екі бап бойынша кінәлі деп танылды:

  • ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі
  • 517-бабының 5-бөлігі .
"Құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды; ӘҚБтК-нің 517-бабының 1-бөлігі бойынша ҚР шегінен шығарылды. Сот әкімшілік жаза шараларын қоғамға теріс әсер ететін және қоғамды құрметтемеуге бағытталып жасалған әрекеттердің дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындады", - дейді соттағылар.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!