Астанада автобустың кесірінен жаппай жол апаты орын алды

17:19, 26 шілде 2024

© Сурет: №1 автопарк

Астанада 2024 жылы 26 шілдеде автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жаппай жол апатын тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, Ташенов көшесімен Республика даңғылына қарай бет алған қоғамдық көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Hyundai маркалы автокөлікпен соқтығысқан.

"Ал Hyundai бар инерциясымен КАМАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысып, салдарынан өз кезегінде КАМАЗ Volkswagen маркалы жеңіл көлікті іліп кеткен. Апат салдарынан Volkswagen автокөлігінің жолаушысы зардап шекті. Аталған факт бойынша тексеру амалдары қолға алынды". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

2024 жылдың 16 шілдесінде Қарағандыда ауыр жол апаты орын алған болатын. Салдарынан сегіз адам зардап шеккен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!