Астана жолдарындағы жағдай көңіл көншітпей тұр

16:23, 24 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Астана қаласы прокуроры Е.Р.Өтегеновтың төрағалығымен 2024 жылдың 9 айында елорда жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста жол-көлік оқиғаларының саны екі есеге өскені атап өтілді.

Астана қаласы прокуратурасының ақпаратынша, жол-көлік оқиғаларының салдарынан 1 383 адам жарақат алып, 28 адам қайтыс болса, оның 3-і кәмелетке толмағандар.


"Бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы және т.б. бірқатар кемшіліктер анықталды. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелерін бұзуы, бағдаршамның тыйым салу сигналының талаптарын орындамауы, қашықтықты сақтамау, жолдың қарсы бағытына шығу. Сонымен қатар, бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы да өз әсерін тигізген",- делінген ақпаратта.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар берілді, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын — алу жөніндегі шаралар кешені әзірленді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!