Астана аспанындағы дрон мен күшейтілген рейдтер: полиция түсініктеме берді
© Фото: pexels
Астанада қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғын үйлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді, жатақханаларды, хостелдер мен қонақүйлерді тексеріп жатыр. Құқықбұзушылықтарды анықтауға, профилактикалық есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жерлерін тексеруге және азаматтарға заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіруге ерекше назар аударылған.
"Тексеру шараларымен қатар полиция тұрғындарға профилактикалық ақпарат жеткізудің қосымша тәсілдерін де қолданып жатыр. Атап айтқанда, дрон арқылы елорда тұрғындары мен қонақтарына дыбыстық хабарламалар таратылуда. Азаматтарға заң талаптарын, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін сақтау, сондай-ақ айналасындағы адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге жол бермеу қажеттігі ескертіледі", – деп түсіндірді Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 21 қазанда.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқықбұзушылықтарға жол бермеуге, тұрғын үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдауға және күмәнді жағдайлар туралы полицияға дер кезінде хабарлауға шақырды.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі "Қауіпсіз үй" іс-шарасы аясында елімізде 170 мыңнан астам үй мен пәтер тексерілгенін хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:38, 22 қазан 2026
Ауданы ұнамаған: алматылық тұрғын мемлекет ұсынған 11 пәтерден бас тартқан
-
15:23, 22 қазан 2026
Ядролық қондырғыларды орналастыру алаңын таңдау қағидалары жаңартылды
-
15:16, 22 қазан 2026
Алматы облысында жеке үйдің темір қоршауын қиратып кеткендерге қатысты іс тергеліп жатыр
-
15:08, 22 қазан 2026
«Сәл күте тұру керек еді»: алматылық фотограф Ақтас үстіртіндегі күн батуын түсіріп алды
-
14:55, 22 қазан 2026
Алматыда нөмірсіз Toyota көлігін мінген 19 жастағы жүргізуші полициядан қашпақ болды





