Алматы облысында жеке үйдің темір қоршауын қиратып кеткендерге қатысты іс тергеліп жатыр

15:16, 22 қазан 2026
MKZ: 1573806

© Фото: pexels

Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны ашулы топтың үйінің темір қоршауын қиратып, отбасына қауіп төндіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода әйел бүлінген мүлкін көрсеткен.

"Олар темір қоршауымыздың бәрін қиратып кетті. Өзімізді қорғауға мәжбүрміз. Балалар қорқып жүр", – дейді ол видеода.

КейінАлматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 2026 жылғы 14 қазанда Қосөзен ауылында болғанын нақтылады.

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірнеше сағат ішінде жанжалға қатысушылардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне тиісті құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!