Астана, Алматы, Шымкент: 2026 жылдың алғашқы үш күніне арналған ауа райы болжамы
© Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.Оған сәйкес, 2026 жылдың 1, 2 және 3 қаңтарында еліміздің үш ірі мегаполисінде жауын-шашын, көктайғақ, аяз болып, боран соғатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
- 1 қаңтар: аспан бұлтты, түнде қар жауып, боран соғады. Жолдарда көктайғақ болады. Батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -13...-15°С, күндіз: -5...-7°С.
- 2 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -14...-16°С, күндіз: -4...-6°С.
- 3 қаңтар: аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -11...-13°С, күндіз: -3...-5°С.
Алматы
- 1 қаңтар: аспан бұлтты, түнде және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: 0...+2°С
- 2 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +3...+5°С.
- 3 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...+1°С, күндіз: +5...+7°С.
Шымкент
- 1 қаңтар: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +5...+7°С.
- 2 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +7...+9°С.
- 3 қаңтар: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +8...+10°С.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылғы қаңтар айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:20, 23 тамыз 2026
Мәскеуде Құрылтай сайлауында алғаш дауыс берген адамның аты белгілі болды
-
11:17, 23 тамыз 2026
23 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:02, 23 тамыз 2026
Қазақстанның Бас прокуроры сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді
-
10:58, 23 тамыз 2026
Қарағанды облысының тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып жатыр
-
10:53, 23 тамыз 2026
«Қазгидромет» Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады





