Nvidia басшысы Трамптың әйгілі суретіне пародия жасады
© Сурет: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп Nvidia компаниясының басшысы Дженсен Хуанг бейнеленген жасанды интеллект арқылы жасалған суретті жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жазба 23 қарашада Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланды. Бұл компанияның директорлар кеңесі Хуангты бас директор қызметіне қайта тағайындағаннан кейін болды.
Суретте Хуанг 2024 жылғы шілдеде өзіне қастандық жасалғаннан кейін түсірілген Трамптың әйгілі суретіндегі қалыпты қайталайды. Алайда Nvidia басшысы жұдырығын көтерудің орнына қызыл түсті төсқап ұстап тұр. Ал артқы фонда АҚШ туының орнына компания логотипі бейнеленген ту тұр.
Түпнұсқа суретте Трамп Пенсильвания штатындағы сайлауалды митинг кезінде атыс болғаннан кейін қолын көтеріп, айналасын күзет қызметкерлері қоршап тұрған сәт бейнеленген.
12 қарашада Nvidia компаниясын 30 жыл басқарған Дженсен Хуанг бас директор, президент және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кететінін жариялаған еді. Ол кеткеннен кейін "Дженсенді қайтарыңдар!" (Bring Jensen Back) атты ашық петиция пайда болды. Оны қолдаған танымал тұлғалардың қатарында Илон Маск пен Epic Games басшысы Тим Суини болды. Nvidia компаниясының көптеген қызметкері де негізін қалаушының қайта оралуын қолдады.
17 қарашада Дженсен Хуанг X әлеуметтік желісіндегі парақшасында қызметіне қайта оралуға дайын екенін жазды.
Айта кетейік, 2026 жылғы 23 қазанда Дженсен Хуанг Астанадағы alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барған. Сондай-ақ оны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған болатын. Ал 19 қарашада III Стратегиялық әріптестер форумында Мемлекет басшысы Қазақстанның Nvidia компаниясымен нәтижелі ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.
"Астанаға жақында жасаған сапары үшін көрнекті инженер әрі нағыз аңыз Дженсен Хуангқа шынайы алғысымды білдіремін", – деген еді Тоқаев.
Кейін америкалық технологиялық алпауыт Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуангтың қызметіне қайта оралғаны белгілі болды. Ол сонымен қатар президент және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін де қайта атқарады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:19, 24 қараша 2026
Сұлулық байқауының жеңімпазынан тәж тартып алынды
-
14:07, 24 қараша 2026
Шенеунік ересектерге арналған фильмдерге түскені үшін қызметінен айырылды
-
19:19, 23 қараша 2026
Дженсен Хуанг Nvidia компаниясына оралды
-
12:42, 23 қараша 2026
Ыстамбұлда арыстан жүр: тұрғындар қауіптеніп, іздеу жұмыстары басталды
-
10:55, 23 қараша 2026
Ресейде дүкеннен тауар ұрламақ болған ағалы-қарындас дүкен иесіне пышақпен қоқан-лоқы көрсетті





