Чемпиондар лигасының басты фавориты анықталды
© Сурет: Instagram/psg
24 және 25 қарашада Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші турындағы матчтар өтеді. 36 команда көктемгі плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін күресті жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
ESPN басылымының нұсқасы бойынша, биылғы маусымда плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шығуы және Еуропадағы ең беделді клубтық турнирде жеңіске жетуі мүмкін командалар анықталды.
Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы басты фавориттер рейтингінде ПСЖ көш бастады. 17 сарапшының 15-і осы команданың жеңіске жету мүмкіндігін жоғары бағалаған.
Турнирдің қазіргі екі дүркін чемпионы жалпы кезеңдегі төрт матчтың барлығында жеңіске жетті. Оның үстіне, париждік клуб тікелей бәсекелестері саналатын "Манчестер Сити" мен "Барселонаны" да ұтты. Енді команда қатарынан үшінші рет трофей иеленуді көздеп отыр. Бұған дейін мұндай жетістікке тарихта тек мадридтік "Реал" қол жеткізген.
Қалған екі сарапшы "Барселона" мен "Арсеналға" дауыс берген.
Жеңіске жету мүмкіндігі төмен болғанымен, үздік он фавориттің қатарына "Реал", "Бавария", "Манчестер Сити", "Ливерпуль", "Комо", "Интер" және "Атлетико" да енді.
Қазақстандық футбол жанкүйерлері 25 қарашаға қараған түні Qazsport телеарнасынан Чемпиондар лигасының бесінші турындағы "Арсенал" мен дортмундтық "Боруссия" арасындағы ойынды тікелей эфирде тамашалай алады. Лондондық клубтың алаңында өтетін матч Астана уақытымен сағат 00:50-де басталады.
Айта кетейік, өткен демалыс күндері "Бока Хуниорс" клубы мен Аргентина құрамасының жұлдызы Леандро Паредес телесұхбат кезінде өмірімен қоштаса жаздаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:49, 24 қараша 2026
Алты нәтижелі пас пен 17 соққы: «Құлагер» қорғаушысы аптаның үздік ойыншысы атанды
-
10:11, 24 қараша 2026
Чемпиондар лигасындағы сәтсіз бастама: «Қайрат» поляк клубына есе жіберді
-
21:04, 23 қараша 2026
Конькимен жүгіру: қазақстандық спортшылар екінші әлем кубогының кезеңінде қалай өнер көрсетті
-
19:30, 23 қараша 2026
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары кімдер
-
18:42, 23 қараша 2026
Қазақстан грек-рим күресінен Таиландтағы халықаралық турнирде тағы екі медаль иеленді





