Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді

19:03, 24 қараша 2026
MKZ: 1579527

© Сурет: olympic.kz

Алматыда әйелдер командалары арасында гандболдан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші кездесуінде де жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы отандастарымыз Үндістан құрамасынан басым түсті. Ойын 33:27 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Еске салайық, қазақстандық гандболшылар алғашқы ойында Аустралия құрамасын жеңген болатын.

Қазақстан құрамасы В тобындағы келесі кездесуін ертең, 25 қарашада Өзбекстанға қарсы өткізеді.

Азия чемпионаты 3 желтоқсанда мәресіне жетеді. Жарыстың қорытындысы бойынша үздік төрт құрама 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!