Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жаңбыр, қар жауып, ауа температурасы +23°С-қа дейін жетеді

15:59, 27 наурыз 2024

© Сурет: unsplash

Синоптиктер Zakon.kz тілшісіне 2024 жылдың 28 наурызы мен 30 наурызы аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша, жаңбыр, қар жауып, ауа температурасы +23°С дейін жетеді.

Астанада:

28 наурыз – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Түнде оңтүстік-шығыстан 2-7, күндіз 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде шамамен 0°C, күндіз +7+9°C;

29 наурыз – көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде шамамен 0°C, күндіз +3+5°C;

30 наурыз – көшпелі бұлтты, түнде – жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°С, күндіз 0+2°C.

Алматыда:

28 наурыз – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +21+23°С;

29 наурыз – көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +13+15°С;

30 наурыз – көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +8+10°С.

Шымкентте:

28 наурызда – көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 8-13, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +14+16°С;

29 наурыз – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +12+14°С;

30 наурыз – көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С.

Бұған дейін Қазақстанның оңтүстігіне күн суытып келе жатқаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!