Ас әзірлеп жатып, бір шаруамен сыртқы шығып кеткен елордалық пәтерін өртеп ала жаздады
© Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының тұрғыны кешкі тамаққа кірісіп, содан соң бір шаруамен сыртқа шығып кеткен. Ол отқа қойылған табаны сол күйі ұмытып кеткен. Жағымсыз иісті көршілер сезіп, шұғыл қызметке қоңырау шалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға кеше, 18 қаңтарда кешкісін Байқоңыр ауданында А.Жұбанов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды.
"Көршілер пәтерден шыққан түтіннің иісін сезіп, өрт сөндірушілерді шақырды. ТЖМ қызметкерлері үш сатылы баспалдақтың көмегімен терезе арқылы түтінді пәтерге кіріп, плитада тамақтың күйіп жатқанын анықтады. Пәтерде адам болмаған", деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ ескертеді:
- ас үйдегі оттағы тамақты қараусыз қалдырмаңыз;
- плитаның жанында сүлгілерді, қағазды, ұстағыштарды және басқа да жанғыш заттарды ұстамаңыз;
- қызған табада ағаш қасықтарды қалдырмаңыз;
- табаны маймен үштен бір бөлігінен аспайтын етіп толтырыңыз. Май-350 С жоғары температурада өздігінен тұтануға қабілетті жанғыш сұйықтық;
- электр сымдарын пештен алыс ұстаңыз;
- жанып жатқан майдың үстіне су құймаңыз.
Бұған дейін Астанада фитнес орталықта өрт шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:27, 19 қаңтар 2025
Алматыдан 364 шақырымда жер сілкінісі болды
-
13:14, 19 қаңтар 2025
«Ұйықтап жатқанда шетінен бауыздаған»: Астанада кісі өлтірді деген күдікпен жас жігіт ұсталды
-
12:26, 19 қаңтар 2025
Жамбыл облысында Атлах шайқасы өткен жердің орны табылды
-
12:13, 19 қаңтар 2025
Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады
-
11:56, 19 қаңтар 2025
Павлодар облысында желі арқылы қосымша табыс тапқан мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды