«Арзан тауарлар чаты». Елордалық WhatsApp арқылы жұртты алдап, 3 млн теңгеге кеңелген
© Сурет: unsplash
Күдікті елорда тұрғындарына Қытай мен Түрікменстаннан халық тұтынатын тауарларды тікелей жеткізуге уәде беретін қылмыстық жоспар құрған. Азаматтарды алдау үшін ол WhatsApp мессенджерінде арнайы топтар ашып, тауарларды нарықтық құннан төмен бағамен жарнамалаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қалалық прокуратурасы тұрғындарға мессенджерлерде төмен бағамен тауарларды тікелей жеткізуге уәде беретін күмәнді мәмілелерден сақ болуды ескертеді.
"Осылайша, 30 адамның 3 млн теңгеден астам қаржысын иемденіп, алаяқ ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған", делінген прокуратура хабарламасында.
Сотта қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынаста болғанын көрсетті.
"Мемлекеттік айыптаушы сотталушының бастапқыдан тауар жеткізуді жоспарламағанын және өзіне алған міндеттемелерін орындауға ниеті болмағанын дәлелдеді.Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды".Астана қаласының прокуратурасы
Келтірілген материалдық шығын сотталғаннан өндіріп алынғандығы нақтыланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:57, 18 қараша 2024
Елімізде алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні атап өтілуде
-
19:42, 18 қараша 2024
Теңіздегі мұнай өндірісінің көлемі жөндеу жұмыстарына байланысты күрт төмендеді
-
19:26, 18 қараша 2024
Алматыда жүк көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысты
-
19:20, 18 қараша 2024
Instagram-да лотерея ойнатқан шымкенттік блогер сотталды
-
18:58, 18 қараша 2024
Елімізде желтоқсан айынан бастап заңды тұлғалардың көлік құралдарын әкелу тәртібі өзгереді