Қазақстанның бірқатар қаласында «жалған полицейлер» ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері 14 күдіктіні ұстады. Олар өздерін полиция қызметкерлері ретінде көрсетіп, азаматтардан ақша бопсалап, алаяқтықпен және қылмыстық "қамқорлық көрсетумен" айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ мәліметінше, қараша айында Шымкентте бір топ адам полиция қызметкерлерінің кейпіне еніп, "қамқорлығы" үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған. Дәл сол сияқты Ақтөбеде екі жас жігіт қаланың екі тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, 300 мың теңге алған. Қонаевта ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Олар өздерін жедел уәкіл ретінде көрсетіп, жәбірленушіден 500 мың теңге бопсалаған.
Жалған қызметтік куәліктер, құжаттар және нысанды киім тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.
"Айта кету керек, заманауи технологиялар алаяқтарға ықтимал құрбандар туралы әртүрлі ақпаратты оңай алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың қылмыстық схемаларын сенімді етеді. Қылмыскерлер адамдарды манипуляциялау үшін психологиялық әдістерді қолданады. Жалған полиция қызметкерлерін ұстау – бұл қауіпсіздік мәселесі ғана емес, азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды бөлігі. Азаматтардың қырағылығы мұндай қылмыстардың санын едәуір төмендетуі мүмкін. ІІМ кез келген заңсыз әрекеттер туралы полицияға дереу хабарлауды сұрайды. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Бұған дейін Павлодар тұрғыны шаңғы тебемін деп мұз астына түсіп кеткендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:20, 18 қараша 2024
Қазақстандық фермерлерден астық сатып алуға Үкімет резервінен 10 млрд теңге бөлінеді
-
11:02, 18 қараша 2024
Сейфуллин Жолбарыс жұбайымен ажырасқаны жайлы мәлімдеді
-
10:48, 18 қараша 2024
Алматы маңындағы бірқатар елді мекенге газ беру уақытша тоқтатылады
-
10:29, 18 қараша 2024
Ұлттық денсаулық сақтау операторының функциялары өзгерді
-
10:11, 18 қараша 2024
Медицина қызметкерлері психоактивтік препараттарды сатқаны үшін жауапқа тартылды