Армения НАТО саммитіне қатысатынын растады

11:23, 29 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Ереван Вашингтонда өтетін НАТО саммитіне қатысатынын растады. Іс-шара Солтүстік атлантикалық альянстың құрылғанына 75 жыл толуына орайластырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу 9-11 шілде аралығында өтеді. Армения НАТО саммитіне қатысатынын елдің сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян мәлімдеді, деп хабарлайды Armtimes.

Айта кету керек, Арменияның НАТО-ға жақындасуы 2024 жылдың ақпан айының соңында басталды. Ол кезде Армения президенті Никол Пашинян Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүшелікті тоқтатындығы туралы мәлімдеген еді.

"Билік "жаңа мүмкіндіктерді", соның ішінде Еуропалық Одаққа кіруді талқылауда", – деді Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян.

Сонымен қатар Пашинян Армения ЕО-ға 2024 жылы кіруге дайын екенін айтты, бірақ ол Ереванның НАТО-ға қосылу мүмкіндігін талқыламайтындығын баса атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!