Аптап, жаңбыр және бұршақ: 7 тамызға арналған ауа райы болжамы

16:55, 6 тамыз 2026
MKZ: 1560025

© Фото: сгенерировано с помощью ИИ

Синоптиктер 2026 жылғы 7 тамыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, ауқымды антициклонның әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал еліміздің шығысында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"Шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал. Түнде және таңертең елдің батысы мен солтүстігінің кей жерлерін тұман басады.

Бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады. Күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Жетісу мен Ұлытау облыстарында ауа температурасы +35...+38°С-қа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысында күн +38...+40°С-қа дейін ысиды. Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді.

Синоптиктер елдің көптеген өңірінде өрт қаупі жоғары болатынын да ескертті.

7 тамызда Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарының, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау және Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында төтенше өрт қаупі күтіледі. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының, Абай, Жетісу мен Ұлытау облыстарының жекелеген аудандарында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін 6 тамызда қатты ыстық болатын Қазақстан өңірлері аталған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!