Атырауда жыл басынан бері 17 бала терезеден құлаған: прокуратура ескерту жасады
© Фото: pexels
Атырау қаласында жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың терезеден құлауына қатысты 17 жағдай тіркелді. Оқиғалардың бірінде бала қаза тапқан. Қалалық прокуратура балалардың қауіпсіздігіне қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Прокуратура мәліметінше, терезеден құлаған балалардың барлығы түрлі дәрежедегі жарақат алған. Бір жағдай өліммен аяқталған.
Осыған байланысты қала прокуратурасы бейінді ведомстволармен бірлесіп, балалардың тұрмыстық және өндірістік жарақаттануының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр.
Қазір 200 көпбалалы отбасының үйлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар терезелерге балалардың ашып кетуіне жол бермейтін арнайы бұғаттау құрылғыларын орнату ұйымдастырылған.
Бүгінде мұндай құрылғылар 50 отбасының үйіне орнатылды.
Бұдан бөлек, прокуратураның бастамасымен жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешендерін пайдалануға бермес бұрын терезелерге арнайы бұғаттауыштар орнату мәселесі қаралып жатыр.
Прокуратура балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамаған ата-аналар мен заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске салды.
Мамандар балаларды терезеден алшақ ұстауға, терезе алдына жиһаз қоймауға және терезелерді арнайы балалар құлыптары мен фиксаторлармен жабдықтауға шақырады. Сондай-ақ москит торлары баланың салмағына есептелмегенін және құлаудан қорғай алмайтынын ескертті.
Кішкентай балаларды терезе маңында қараусыз қалдырмау қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:15, 6 тамыз 2026
Рыбакина Торонто турнирінің үшінші айналымында кіммен ойнайды
-
18:07, 6 тамыз 2026
Блогер Қайсар Қамза жеті жылға дейін сотталуы мүмкін
-
18:05, 6 тамыз 2026
Қазақстанда бейнебақылау жүйелеріне қойылатын алғашқы ұлттық стандарт бекітілді
-
17:32, 6 тамыз 2026
Қазақстанда ұшқыштардың жалақы талабы 2,4 млн теңгеге жетті
-
17:20, 6 тамыз 2026
Қазақстандық ескек есушілер Жапониядағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды





