Анна Черкашина жеңіл атлетикадан ел рекордын жаңартып, U20 әлем чемпионатының финалына шықты

17:06, 6 тамыз 2026
MKZ: 1560027

© Фото: zakon.kz

Орегонда (АҚШ) 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем біріншілігінің алғашқы күнінде қазақстандық Анна Черкашина сырықпен секіруден іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Отандасымыз 4,10 метр нәтижемен әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Осылайша ол U20 жас санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға үздік 13 спортшы өтті. Шешуші жарыс 8 тамызда өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!