Ұлыбританияның корольдік отбасында жаңа мұрагер дүниеге келді
© Сурет: Instagram/princesseugenie
Ұлыбритания королі III Чарльздың жиені, ханшайым Евгения мен жұбайы Джек Бруксбэнк үшінші рет ата-ана атанды. Ақжолтай хабармен ханшайым өзінің Instagram парақшасында жаңа туған сәбиінің суретін жариялау арқылы бөлісті. Белгілі болғандай, дүниеге қыз бала келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Daily Mail басылымының жазуынша, нәресте 3 тамыз күні Лиссабон қаласындағы ауруханалардың бірінде жарық дүние есігін ашты. Букингем сарайы ана мен баланың жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. Сондай-ақ король III Чарльз бен корольдік отбасының басқа мүшелері ерлі-зайыптыны құттықтап, жылы тілектерін білдірді.
Сәбидің есімі әзірге жарияланған жоқ. Ол Евгения мен Джек Бруксбэнктің Август және Эрнест есімді ұлдарынан кейінгі үшінші баласы.
Нәресте Ұлыбритания тағына мұрагерлік ету кезегінде 15-орынға жайғасты. Алайда оған "Ұлы Мәртебелі ханшайым" (Her Royal Highness) атағы берілмейді.
Айта кетейік, Ханшайым Евгенияның толық есімі – Евгения Виктория Елена Йоркская. Ол – марқұм патшайым II Елизаветаның немересі және Ұлыбритания королі III Чарльздың жиені.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 20 қыркүйек 2026
КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды
-
11:44, 20 қыркүйек 2026
АҚШ өз азаматтарына Таяу Шығыстағы шиеленіс кенеттен ушығып кетуі мүмкін екенін ескертті
-
14:27, 18 қыркүйек 2026
Пиццерия қызметкері келушілердің тағамына әдейі қайызғақ түсірген
-
12:24, 18 қыркүйек 2026
Вьетнамның танымал туристік қаласында үш жер сілкінісі болды
-
10:42, 18 қыркүйек 2026
Қолтырауындар мекендейтін өзенде олимпиада жарыстары өтеді





