Аптап ыстық пен өрт қаупі: 16 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады
© Сурет: pixabay
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып қала береді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 16 шілдеге арналған болжамда мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте дауыл соғады.
"Елдің қалған аумағында антициклон жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - делінген "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр.
Ауа температурасы келесідей болады:
- Атырау, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында күндізгі аптап 35–39°C дейін жетеді;
- Түркістан мен Қызылорда облыстарында күндіз 39-40°C аптап күтіледі;
- Маңғыстау облысында күндіз 37-42°C аралығында қатты ыстық болады.
Өрт қаупі де жоғары:
- Батыс Қазақстан, Ұлытау, Атырау облысының оңтүстігі, Қостанайдың оңтүстік-шығысы, Ақтөбе облысының солтүстігі, батысы мен шығысы, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысы, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанып отыр.
- Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығы, оңтүстігі, Қостанай облысының оңтүстік-батысы, Абай және Ұлытау облыстарының орталығы, оңтүстігі мен шығысында ерекше жоғары өрт қаупі бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:14, 16 желтоқсан 2025
Алматылық «Қайрат» әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының қатарына енді
-
19:08, 16 желтоқсан 2025
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды





