«Аптап ыстық болып, жаңбыр жауады». Алматы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы

20:45, 26 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Синоптиктер оңтүстік мегаполиске қатысты алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, алдағы үш күнде қалада жауын-шашын болмайды. Бірақ сынап бағаны 38 градус ыстықты көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 2024 жылғы 27 шілде – 2 тамыз аралығында оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын өте ыстық ауа райы күтіп тұр, жекелеген күндері жауын-шашын болады. Келесі сейсенбіден бастап күн райы бұзылып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады деп болжанады.

27 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +23...+25°С, күндіз: +36...+38°С.

28-29 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +23...+25°С, күндіз: +35...+37°С.

30 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +23...+25°С, күндіз: +35...+37°С.

31 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +31...+33°С.

1 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +36°с дейін.

2 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +20...+22°С, күндіз: +35...+37°С.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!