Атырау облысында Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден асып кетті

22:16, 6 мамыр 2024

© Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 2024 жылы 6 мамырда Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша сағат 20.00-дегі соңғы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы тәуліктегі Жайық өзеніндегі су деңгейіне қатысты өзгеріс:

  • Индербор ауылы: + 16 см, су деңгейі - 900 см, қауіпті деңгейі - 845 см;
  • Махамбет ауылы: + 7 см, су деңгейі - 868 см, қауіпті деңгейі - 850 см;
  • Атырау қаласы: + 5 см, су деңгейі - 501 см, қауіпті деңгейі - 550 см.
  • Жаңаталап ауылы: + 4 см, су деңгейі - 360 см, қауіпті деңгейі - 500 см;
  • Еркінқала ауылы: + 4 см, су деңгейі - 320 см, қауіпті деңгейі - 450 см.

Айта кетсек, Ақтөбе облысында жағалауды нығайту жұмыстары түнде де жүргізіліп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!