Бибігүл Төлегенова қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

10:31, 7 мамыр 2024

© Сурет: wikimedia

Қазақтың бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Ахметқызы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Опера әншісі халқына бейбітшілік, саулық және жарқын болашақ тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Опера әншісі барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір, бақытты әрі қуанышты күндер тіледі.

"Бүкіл Отан қорғаушы азаматтарға тілерім күш-қуат берсін, елімізде аманшылық болсын, сол тыныштықты осы азаматтар сақтасын. Бала-шағаларыңыз аман болсын. Сол азаматтар бізді жақсы қорғаса, елімізде тыныштық болады. Мереке құтты болсын! Еліміз аман болсын." Бибігүл Төлегенова

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта Қазақстан халқын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтауында бұл мерекенің еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық құндылықтарын нығайту үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!