7 мамыр - Астанада бокстан медальдар «жауған» күн!

17:37, 7 мамыр 2024

© Сурет: Қазақстан бокс федерациясы

Астанада бүгін, 7 мамырда бокстан Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында ересек спортшылар арасында ақтық сынның додасы өтіп жатыр. Алтыннан алқа тағынып та үлгерген жерлестеріміз бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, бокстан Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы 11 алтын медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Ал ересектер арасында финалға 13 спортшымыз шығып, бүгін, 7 мамырда олар медальдарды сарапқа салатыны хабарланған болатын.

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, әзірге ерлер төрт алтын медаль, үш күміс медаль еншіледі, ал қыздар активінде үш алтын, үш күміс медаль бар. Атап айтқанда:

  • 48 келіде Ернар Қарап (Қазақстан) Вишванат Сурешке (Үндістан) финалда жол беріп, күміс медаль иеленді.
  • 51 келіде Кенже Мұратұлы (Қазақстан) финалда Асылбек Жалиловты (Өзбекстан) 0:5 есебімен таза ұтып, Азия чемпионы атанды.
  • 54 келі салмақта Нұрсұлтан Алтынбек (Қазақстан) финалда Энсайхан Оюн-эрденемен (Маңғолия) кездесіп, оны 0:5 есебімен таза ұтты. Осылайша ол екі дүркін Азия чемпионы атанды.
  • 57 келі салмақта Ерболат Сабыр (Қазақстан) даулы жағдайда Нихилден (Үндістан) ұтылып, күміс медаль еншіледі.
"Ерболат Сабырдың жекпе жегіне қатысты түсініктеме: ринг шетіндегі дәрігер Ерболаттың өткен жолғы жарақаты (қабағы жарылып, қан тоқтамауы) ашылып кеткендіктен, ал рефери жарақат қарсылас жасаған соққы нәтижесінде болды деген шешім шығарғандықтан, жекпе жек тоқтатылды. Осылайша жеңіс үнді Нихилға берілді.Егер жарақаты баспен жасалған соққы нәтижесінде болды деген шешім шығарылса, жеңіс Ерболат Сабырға берілетін еді", делінген федерация түсініктемесінде.
  • 60 келі салмақта Руслан Күзеубаев (Қазақстан) Рамиш Горхаға (Үндістан) 4:1 есебімен жол беріп, күміс медаль еншіледі.
  • 63.5 келі салмақта Ерасыл Таңқай (Қазақстан) Абдулло Мадаминовтан (Өзбекстан) 4:1 есебімен ұтылып, екінші орын тұғырына көтерілді.
  • 67 келі салмақта Елнұр Сүйінбай (Қазақстан) Малик Притті (Үндістан) 5:0 есебімен таза ұтып, Азия чемпионаты атанды.
  • 71 келі салмақта Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) Довуд Махамовты (Тәжікстан) 5:0 есебімен таза ұтып, алтын медаль иегері атанды.

Алда әлі мына жігіттердің қызу бәсекесі бар:

  • 75 келі салмақта Диас Молжігітов (Қазақстан) - Жавохир Умматалиев (Өзбекстан)
  • 80 келі. Ерасыл Жақпеков(Қазақстан) - Ализада Қайс (Апығанстан)
  • 86 келі. Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) - Самандар Жалолов (Өзбекстан)
  • 92 келі. Бекнұр Батырбек (Қазақстан) - Ризабек Ашан (Қытай)
  • +92 келі. Аманат Сабырғали (Қазақстан) - Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Азия чемпионатын бірнеше ресурстан тікелей эфирде көре аласыздар:

  • ASBC Youtube арнасы
  • QAZSPORT телеарнасы
  • qazsporttv.kz сайты

Бокстан қыздар арасында:

  • 50 келі салмақта Гүлнар Тұрапбай Азия чемпионы. Ол 4:1 есебімен үнді қызын жеңді.
  • 52 келі салмақта финалда Анита Адишева өзбек спортшысына жол беріп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
  • 54 келі салмақта Элина Базарова да Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол үнді қызы Притиге 3:0 есебімен ұтылды.
  • 57 келі салмақта Әнел Сақыш - Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Финалда ол үнді Пунамнан 4:1 есебімен ұтылды.
  • 60 келі саомақта Шахназ Исаева - Азия чемпионы! Ол финалда қытайлық Аягоз Майхусетиді ұтты. Есеп - 5:0.
  • 66 келі салмақта Ақнар Ишанова - Азия чемпионы. Оның финалдағы қарсыласының жарақатына байланысты екінші раундтан соң жекпе жек мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!