Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы Азия чемпионатында 11 алтын медаль еншіледі

21:55, 6 мамыр 2024

© Сурет: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан 27 сәуір-7 мамыр күндері аралығында Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жастар санаты бойынша бәсеке өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, бүгін жастар арасындағы 25 салмақ бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды.

Қазақстанның ерлер құрамасы бес алтын, бір күміс және алты қол медальдарды иеленіп, жалпы есепте бірінші орын алды.

Қазақстанның қыздар құрамасы алты алтын, үш күміс және үш қола медальдар иеленіп, жалпы есепте бірінші орын алды.

Үздік үштікті түйіндеген мемлекеттер:

Қазақстан — 11 алтын, 4 күміс, 9 қола

Өзбекстан — 7 алтын, 3 күміс, 12 қола

Үндістан — 5 алтын, 9 күміс, 8 қола.

Чемпион атанған боксшы қыздарымыз:

  • Аяжан Сыдық
  • Аяжан Ермек
  • Толғанай Қасымхан
  • Ұлдана Таубай
  • Аружан Зейноллаева
  • Шұғыла Нәлібай

Чемпион атанған ұлдарымыз:

  • Алексей Хаванцев;
  • Төрехан Сабырхан;
  • Өнер Сейілхан;
  • Санжарәлі Бегалиев;
  • Мадияр Бексұлтанов.

Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйақымен марапатталды:

І-орын — 700$,

ІІ-орын — 400$,

ІІІ-орын — 200$

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!