Қостанай облысында жер опырылып, шұңқыр пайда болды

10:10, 7 мамыр 2024

© Фото: zakon.kz

Қостанай облысы Қарасу ауданына қарасты ауылдық жерлерде жергілікті тұрғындар топырақтың опырылып, шұңқыр пайда болғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерекше шайтты бейнеге түсіріп, кадрларды "Наша газета" редакциясына жіберген.

Аудан әкімдігі шұңқырдың табиғи әсерден пайда болғанын растады:

"Ауыл шаруашылығы алқаптарында 2023 жылдың күзінен бастап жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ ағыстың тасуы салдарынан көлемі 3х4 метр, тереңдігі 10 м-ге дейін шұңқыр пайда болды. Оған қоса, жер асты суларының деңгейі көтерілді. Осыған байланысты жердің шөгуі орын алды". Қостанай облысының әкімдігі


Бұған дейін Алматының орталық көшелерінде құбырлар жарылып, асфальт опырылғаны белгілі болған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!