Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 шақырымнан асатын бөгет салынды

16:42, 7 мамыр 2024

© Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

2024 жылы 7 мамырда ТЖМ өкілі Асқар Шәріп Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 шақырым бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг, су басқан үйлерден су сору жұмыстары тәулік бойы жалғастырылуда, - деді ол ОКҚ-дағы брифинг барысында.

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені су деңгейіне мониторинг, Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Құтқарушылар Қызылжар ауданының Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік және оларды вахтовкамен барар жеріне жеткізуде. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті.

Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 16,4 млн еріген қар суы сорлды. 50 670 адам өз үйлеріне оралды. 5 436 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!