Бокстан АЧ-2024: Ересектер арасында ақтық сында шаршы алаңға кімдер шығатыны белгілі болды

22:52, 6 мамыр 2024

© Сурет: pixabay

2024 жылы 7 мамырда бокстан Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында ересек спортшылар арасында ақтық сынның додасы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, Астанада Beeline Arena спорт кешенінде бокстан өтіп жатқан Азия чемпионаты 7 мамырда өз мәресіне жетеді.

Ересектер арасында Қазақстан құрамасы сапынан 13 боксшы финалға шықты. Сонымен спорттық турнирдің ертеңгі шешуші кезеңде өнер көрсететін спортшылар мыналар:

  • 48 келі. Ернар Қарап (Қазақстан) - Вишванат Суреш (Үндістан)
  • 51 келі. Кенже Мұратұлы (Қазақстан) - Асылбек Жалилов (Өзбекстан)
  • 54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек (Қазақстан) - Энсайхан Оюн-эрдене (Маңғолия)
  • 57 келі. Ерболат Сабыр (Қазақстан) - Нихил (Үндістан)
  • 60 келі. Руслан Күзеубаев (Қазақстан) - Рамиш Горха (Үндістан)
  • 63.5 келі. Ерасыл Таңқай (Қазақстан) - Абдулло Мадаминов (Өзбекстан)
  • 67 келі. Елнұр Сүйінбай (Қазақстан) - Малик Прит (Үндістан)
  • 71 келі. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) - Довуд Махамов (Тәжікстан)
  • 75 келі. Диас Молжігітов (Қазақстан) - Жавохир Умматалиев (Өзбекстан)
  • 80 келі. Ерасыл Жақпеков(Қазақстан) - Ализада Қайс (Апығанстан)
  • 86 келі. Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) - Самандар Жалолов (Өзбекстан)
  • 92 келі. Бекнұр Батырбек (Қазақстан) - Ризабек Ашан (Қытай)
  • +92 келі. Аманат Сабырғали (Қазақстан) - Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Айта кетсек, бокстан Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы 11 алтын медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!