Мирас Нысанәлиев Алматы жастар саясаты басқармасының басшысы болды
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мирас Нысанәлиев Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мирас Нысанәлиев Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Мирас Нысанәлиев 1985 жылы 12 наурызда дүниеге келген. 2006 және 2008 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы "ФА Альянс Финанс Алматы" ЖШС-де қаржы кеңесшісі болып бастаған.
2008 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымды атқарған.
2010-2016 жылдары Әуезов ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарған.
Ал 2016-2020 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
2020-2026 жылдары Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 25 қараша 2026
Үш жұлдыз белгісін ерекше сәтті күн күтіп тұр
-
19:18, 25 қараша 2026
Қазақстан құрамасы керлингтен халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
-
19:16, 25 қараша 2026
Екібастұз ГРЭС-1 аумағында жұмысшыны тоқ соғып мерт болды
-
18:40, 25 қараша 2026
Ұлытау облысында әйелін аса қатыгездікпен өлтірген ер адамның жазасы 17 жылға дейін ұзартылды
-
18:30, 25 қараша 2026
Қазақстандық гимнаст Мәскеуде ресейлік қарсыластарын басып озып, алтын медаль жеңіп алды





