Алматының орталығында тұрғын үй жанындағы екі қосалқы нысан бұзылып жатыр
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы Наурызбай батыр көшесі, 41 мекенжайда орналасқан тұрғын үйдің жанына заңсыз салынған екі қосымша нысан сот шешімімен бұзылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бұған дейін тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде тұрғын үйдің екі жағынан да қосымша құрылыстардың заңсыз салынғаны әрі жалпы пайдаланылатын аумақта рұқсат құжаттарының болмағаны анықталған.
Меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Кейін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен меншік иесі кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салынды және заңсыз салынған қосалқы нысандар мәжбүрлі түрде бұзылатын болды.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы сотының 2024 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.
Меншік иесі қосалқы нысанның біреуін өз еркімен бұзды, ал екінші қосымша құрылысты мәжбүрлі түрде сүру бүгін, сот шешіміне сәйкес, сот орындаушыларының қатысуымен жүріп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте 16 магнит тасын жұтып қойған үш жасар балаға шұғыл ота жасалды
-
22:49, 17 желтоқсан 2025
«Қарлы боран тұрады». 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:14, 17 желтоқсан 2025
Түркістан облысында көпір қирады
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған көпбалалы ана сотталды
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте көпбалалы ана сотталды





