Алматылықтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер: мәслихат өзгерістер енгізді
© Фото: freepik
10 желтоқсанда Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында "Алматы қаласында тіркелген азаматтарға амбулаториялық деңгейде тегін көрсетілетін медициналық көмектің, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің кепілдендірілген көлемін қосымша ұсыну туралы" шешімге өзгерістер енгізілді.
Өзгерістерге сәйкес, шешімнің қосымшасынан алматылықтарға тегін берілетін келесі дәрілік заттар алынып тасталды:
- Жүрекшелердің фибрилляциясы мен трепетаниясы кезінде – ривароксабан;
- Остеоартроз кезінде – эндопротез (имплант).
Сонымен қатар, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету келесі аурулар бойынша нақтыланды:
- Жүйелі қызыл жегі кезінде – ритуксимаб;
- Дилатациялық кардиомиопатия кезінде – валсартан + сакубитрил.
Бұдан бөлек, тегін дәрі-дәрмек берілетін аурулар тізіміне жаңалары да қосылды:
- Жүйелі қызыл жегі – анифролумаб;
- Қысқа ішек синдромы – тедуглутид;
- Оптикомиелоневрит (Девик ауруы) – ритуксимаб.
Шешім 2025 жылғы 28 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:13, 18 желтоқсан 2025
СҚО-да полицейлер жоғалған 45 жылқыны тауып, иелеріне қайтарды
-
18:52, 18 желтоқсан 2025
Түркістан облысында ер адамның ауласынан 40 қап насыбай табылды
-
18:45, 18 желтоқсан 2025
Қазақстандық үш жас теннисші Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды
-
18:31, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті
-
18:20, 18 желтоқсан 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды





