Қазақстандық үш жас теннисші Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды

18:45, 18 желтоқсан 2025

© Сурет: olympic.kz

Мельбурн қаласында 24 қаңтар – 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатына қатысушылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстаннан негізгі жарыста үш жас теннисші бақ сынайды. Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 24-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Аустралия чемпионатында 10-ракетка болып тіркелген.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасында әлемнің 60-ракеткасы Дәмир Жалғасбай және рейтингіде 94-сатыдағы Даниэль Тазабеков өнер көрсетеді.

Заңғар, Дамир және Даниэль өткен жылы командалық әлем чемпионаты – жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің финалдық кезеңінде ел намысын қорғаған еді. Онда әлемнің төрт дүркін чемпионы Францияны жеңіп, 5-орынға табан тіреген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!